«Amanat» партиясының орталық аппаратынан Партиялық бақылау комиссиясы Түркістан облысында орын алған төтенше жағдайға байланысты Кентау қаласына арнайы барып, Қарнақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл халқының жағдайының жай-күйімен танысты. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге келген партиялық бақылау комиссиясының құрамында, партиялық бақылау департаментінің инспекторы Гучияев Заур Магомедович, «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Еркінбеков Асқар Сейітжаппарұлы, Кентау қалалық партия филиалының төрағасы Басаров Арман Амангелдіұлы, Қарнақ БПҰ төрағасы Бекзат Хабибов пен ауыл әкімі Мұртаз Диметов болды. Қарнақ ауылының су өткен үйлердің аулаларын аралап, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында жиылған халық апат айтып келмейтінін тілге тиек етіп, қауіпті жағдайдың сейілгенін айтты. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қиын күндердің артта қалғанын, алдағы уақытта ауылдың жағдайы бақылауда болатындығын жеткізді.