БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Жаздың күшіне мініп, шілденің аптап ыстығы қысқанда өрттің орын алу қаупі арта түсетіні түсінікті. Сол себепті дала, орман және тоғай өрттерінің алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Өгем филиалы қызметкерлерімен бірлесіп 2022 жылдың 20 шілде күні жазғы өрт қауіпті маусымы кезінде дала, орман және тоғай өрттерінің алдын алу, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында рейдтер жүргізіліп, шөп ору науқанында жүрген азаматтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратылды.

Айта кетейік, орман өртінің алдын алу үшін алдымен адамдар табиғатты пайдалану мәдениетін меңгеруі қажет. Орманды, даланы, егісті өрттен сақтау, табиғатқа тағылық көрсетпеу бір адамның немесе бір мекеменің жұмысы емес, баршамызға ортақ міндет. Яғни, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қоғам тыныштығының кепілі. Ең бастысы, көпшілік өрттің туындауына жол бермеу үшін барын салуы қажет. Орман және дала өртінің алдын алу және жою мәселесі әрқашан басты назарда болып, аталған табиғи апатқа қарсы әрекет етуге дайын болуымыз қажет.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған