БАЛЫҚ АУЛАУҒА ШЫҚСАҢЫЗ…

Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Жетісай ауданы су инспекциясының бірлесуімен күзгі су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын еске салады:

– желді ауа райында және түнде суға бармау;

– ешбір жағдайда мас күйінде балық аулауға шықпау;

– қайығыңыздың жақсы жағдайда екеніне көз жеткізіңіз;

– әрқашан өзіңізге және жолаушыларға құтқару құралдарын (куртка, көкірекше және тағы басқалар) киіңіз;

– қайыққа шамадан тыс жүк түсірмеңіз;

– өзіңізбен бірге зарядталған ұялы телефоныңыз болуы керек, оны су өткізбейтін (қалқымалы) герметикалық қорапқа салған дұрыс;

– балық аулауға шыққанда міндетті түрде туыстарыңызға немесе достарыңызға балық аулауға баратын жеріңіздің координаттарын және қайтуыңыздың күтілетін уақытын айтуды ұмытпаңыз.

Апат болған жағдайда «101» немесе «112» ұялы телефондары бойынша Бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.

Үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған