БАЛЫҚ АУЛАУШЫҒА ДА ЖҮЗЕ БІЛУ МАҢЫЗДЫ

Су айдынындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері балық аулау құралдарын сату орындарында алдын алу рейдтерін жүргізіп, дүкен иелері мен балық аулау құралдарын сатып алушыларға балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау және қауіпсіздік ережелері туралы нұсқама ретінде үгіт-насихат материалдарын таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды балық аулаудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді:

1) дұрыс жабдықталған және жарамды қайықта ғана суда қауіпсіз жүзуге, сондай-ақ мұзда қауіпсіз қозғалуға болады.

2) ауа райы болжамын және болашақ балық аулау орнындағы мұздың қалыңдығын ескеру қажет.

3) қайықтан балық аулау кезінде жүзе білу маңызды, бұл дағды сізге өзіңізді және досыңызды құтқаруға көмектеседі.

4) жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жағадан алыс кетпей балық аулаған дұрыс.

5) Егер Сіз жағадан алыс жерде балық аулағыңыз келсе, онда құтқару және сигнализация құралдарының өзіңізбен бірге болуын алдын ала пысықтап алуыңыз керек.

6) балық аулауға кетер алдында орналасатын жер туралы туыстар мен жақындарыңызға міндетті түрде хабарлау, сондай-ақ балық аулаудан қайту уақытын нақтылау ұсынылады.

7) ауа райының нашарлауы туралы хабарламаларды елеусіз қалдырмағаныңыз абзал.

Қайықтан су қоймасына балық аулауға барар алдында қайықтың жай-күйін мұқият тексеріңіз, оның ағып кетпегеніне, ескектердің жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.

Еске саламыз, қандайда бір төтенше жағдай туындаған жағдайда шұғыл түрде «112» телефонына қоңырау шалу қажет.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған