БАЛАҢЫЗ БАҚЫЛАУДА БОЛСЫН!

Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Кентау қаласының көпқабатты тұрғын үйлерге «Жас балалардың терезеден құлау фактілерін алдын-алу бойынша» түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты.

Түсіндірме жұмыстары барысында Кентау қаласының көпқабатты үйдегі тұрғындарына төмендегі ережелерді сақтауға кеңес берілді:

– ашық терезе немесе балкон жиегіне баланы жақындатпаңыз;

– терезе жабылып тұрған кезде де терезенің алдына балаларды шығармаңыз;

– балаларға терезелерді жууға, перделерді ілуге рұқсат етпеңіз;

– көпқабатты пәтерлерде жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Сондай-ақ терезелерге қойылатын москит торларына мүлдем сенбеңіз. Олар тек шыбын-шіркейді үй ішіне өткізбеуге арналған кедергі екенін ұмытпаған абзал.

Тордың салмаққа соның ішінде баланың салмағына төтеп бере алмайтынын ұмытпаңыз. Москит торын көріп, балалар өзін қауіпсіз сезініп, оған сүйенуі ықтимал. Мұның соңы неге апаратынын айтудың өзі қиын.

Егер бала бөлмеде болса, терезе мен балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы терезелерді немесе желдету режимін қолданған жөн.

Терезелерге олардың ашылуына мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіш қойыңыз. Бұл баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына мүмкіндік бермейді.

Терезенің тұтқасына ілгек орнату да қауіпсіздіктің тағы бір ережесі екенін ескеріңіз.

Егер балаңызға терезенің алдынан сырттағы көріністі көрсетсеңіз, оны мықтап ұстау қажет. Баланың жылдам қимылына дайын болыңыз.

Үйіңіздегі терезелерге бекіткіш және сақтандыру жабдығын орнату мүмкіндігі болмаса, қам жемеңіз. Бекіткіш тұтқаларды бұрауышпен оңай бұрап, қажет болған жағдайда бірден шығарып алып тастай аласыз.

Үй ішінде балаларға қауіпсіздік туралы кеңесті жиі айтқанның артықтығы жоқ. Отбасындағы үлкен балаларыңызға соңынан ерген кіші бауырларына бас-көз болуын үнемі ескертіп жүріңіз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған