БАЛАНЫҢ ӨМІРІНЕ ӨЗІҢІЗ ЖАУАПТЫСЫЗ!

Түркістан облысы Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының тапсырмасына сәйкес ата-аналарға ескерту жарияланды. Басқарма мен мектеп әкімшілігінің бірлескен хабарламасында ата-аналарды мектептен тыс және жазғы демалыс уақыттарында балалардың қауіпсіздігіне қатаң түрде көңіл бөлуге шақырады.

«Құрметті Қарабұлақ ауылының тұрғындары және ата-аналар балаларыңыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темір жолдар, тас жолдары, су қоймалары, өзен-көлдерде балаларыңызды жеке қараусыз қалдырмай мұқият назарға алуларыңызды ескертеміз.

Жазғы уақытта өзен-көлдер жағасында жүру өте қауіпті, кез келген мезетте су ішіне құлап кетуі әбден мүмкін. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай, өзендер мен көлдерге шығып кетіп жатады. Бұл жағдайлар кейін өкінішке ұласуы әбден мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтап жүрген жөн.

Сол себепті төмендегі ережелерді қатаң сақтау қажет:

1. Су айдындарына, өзен жағалауына, жарқабақтардың маңайына жақын бармау және ойнатпау;

2. Су айдындарында судағы қауіпсіздікті сақтау;

3. Тыйым салынған жерге шомылмау;

4. Жағажайларға үлкендерсіз жалғыз жібермеу және жолда жүру ережелерін сақтау;

5. Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайтынын ескерту;

6. Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өздерін дұрыс ұстаулары керектігін ескерту;

7. Үйде жалғыз қалдырмау, жалғыз қалған жағдайда өрт қауіпсіздік ережелерін ескерту, оны сақтауын қадағалау;

8. Тоғайға, қырға мал бағуға шыққанда түрлі жәндіктер мен кене шағып алудан сақ болу;

9. Мал бағу, кешкі малдың алдынан шыққанда канал мен арықтардың және автожол бойымен жүруге қатаң тыйым салу;

10. Кешкі сағат 22:00-ден кейін үйден тыс жерде ата-анасыз және үлкендерсіз жүруге болмайды.

Өмірден қымбат ешнәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Өмірдің ең қымбат байлығы – бала, перзентіміз. Құрметті ата-ана, сабақтан тыс және демалыс уақыттарында баланың өміріне өзіңіз жауаптысыз!» делінген хабарламада.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған