АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДАН ТАРШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынмен қамтамасыз ету бойынша биылғы енгізілген өзгерістер туралы, тасымалдау, жеткізіп беру, жанар-жағармай (дизель отыны) қорының көлемі және оның бағасын нақтылау жөнінде ауыл округтерінде 2023 жылдың 3-4 наурыз күндері шаруалармен тиісті түсіндірмелік кездесулер өткізілді. Бұл туралы Шардара аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі хабарлады.

Кездесуге аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жауапты мамандары, ауыл әкімдері және тиісті сала мамандары, Шардара ауданына 2023 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін жанар- жағармайды тауар өндірушілерге жеткізіп беру үшін Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінетін жанармайды (дизель отынын) таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық жұмысшы топ комиссиясының тарапынан бекітілген операторлар «Майсс» ЖШС (Т.Альсатов) және «KZ Мұнай 2» ЖШС-ның (Е.Поштаев) басшылары, АШӨК, шаруа қожалық төрағалары, ауыл жанар-жағармай бекетінің иелері қатысты.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы С.Оразбаев ауылдарда өткізілген жиындарды жүргізе отырып, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының бекіткен кестесіне сәйкес, жанар-жағармайды (дизель отыны) агроқұрылымдардың уақтылы алу, шаруаларға тікелей бағасы 1 литрі 206 теңгеден қолжетімді сатылу керектігін айта келе, 2023 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынын тасымалдау, жеткізу барысында енгізілген өзгерістер жайлы түсіндіру үшін бекітілген операторларға сөз кезегін берді.

Операторлар өз тарапынан биылғы шаруалардың жанар-жағармай алу тәсіліне «ПИНКОД» жүйесі енгізілгенін, яғни «Петросан» ЖШС-нан шаруалар тікелей барып тасымалдап алып келуіне немесе операторлар арқылы тікелей шаруаларға жеткізілуі туралы және де т.б мәселелер жөнінде тоқталып өтті.

Сонымен қатар бұл мәселе Үкіметтің, облыстың, ауданның тікелей назарында тұрғандығын ескертіп, ешқандай мәселе болмайтындығын жеткізді. Шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бірлесіп ұйымдасқан түрде жұмыс жасауға уағдаласты.

 Анықтама үшін: Шардара ауданына 2023 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін ақпан, наурыз, сәуір және мамыр айларына барлығы: 2860 тонна жанар- жағармай бөлінген. Оның ішінде:

«Майсс» ЖШС-іне- 1430 тонна, яғни, ақпан – 260 тн, наурыз – 390 тн, сәуір – 390 тн, мамыр – 390 тн;

-« KZ Мұнай-2» ЖШС-іне -1430 тонна, яғни, ақпан – 260 тн, наурыз – 390 тн, сәуір – 325 тн, мамыр– 455,0 тн тасымалдауға бөлінген.

Ақпан-мамыр аралығында Шардара ауданына бөлінген жанар-жағармайдың облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бекітілген калькуляциясына сәйкес: орташа сату бағасы 1 литрі: 206,0 теңгеден белгіленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған