Қазгидромет» РМК-ның 10 ақпанына дейінгі болжамына сәйкес облыс аумағында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты төтенше жағдайлардың туындауы мүмкін екендігін хабарлайды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сарыбаев Ерік Темірханұлы мәлім етті.
Атап айтқанда, 9-10 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 9 ақпанда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, 10 ақпанда таулы аудандарда бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік бағытына ауысатын жел соғады, күші 17-22 м/с, 9 ақпанда тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде 0-5 градус жылыдан, 0-5, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 8 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Осы жағдайларға байланысты: Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есіктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу кезінде белгіленген орындардан кетпей, бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан тек қана зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды (шатырларды) су басу қаупі болу сияқты себептер болған кезде ғана өздігінен кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда малтып жүрген және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз, – деп мәлімдеді Ерік Темірханұлы.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі