АРНАЙЫ ОРЫНДАРДА ШОМЫЛУ ҚАЖЕТТІГІН ЕСКЕРТЕДІ!

Қазіргі таңда ауа райының ыстық болуына орай суға шомылушылардың саны да артып келеді. Осыған орай Түркістан облысы Отырар ауданының ТЖБ қызметкерлері мен М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 3-курс курсанттары Бакирамов Д.Н және Кенжебаев Е.Б балалар мен жасөспірімдер арасында суға бату оқиғасын болдырмау мақсатында аудан аумағындағы шомылуға тыйым салынған орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында шомылып жүрген азаматтар мен балаларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратылды.
Аудан тұрғындарының назарына! Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға, тек арнайы,белгіленген шомылу орындарында шомылу қажеттігін ескертеді!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған