АЗАМАТТАРДЫҢ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨЗІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және 7-Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шомылу маусымында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда ауа райының қатты ыстық болуына байланысты, мұндай жұмыстардың атқарылуы ерекше маңызға ие. Ыстық ауа райында адамдар жаппай өзен, бассейнге барады. Алайда, кейбiреулер дәл осы уақытта жазатайым оқиғалардың ең көп саны болатынын ұмытып кетеді. Негізгі себеп – судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, белгіленбеген жерлерде және мас күйiнде шомылу.

Өткен демалыс күндері Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Судағы азаматтардың қауіпсіздігі» атты ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргiздi. Акция барысында қалалық жағажай жағалауында және шомылуға арналмаған жерлерде халықпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, жадынамалар таратылды.

Алдын алу жұмысының мақсаты – суда адамдардың қаза болу проблемасына жұртшылықтың назарын аудару және су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың санын азайту. Мұндай профилактикалық әңгімелер күнделікті жүргізіледі. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тыйым салу белгілерін орнатты, бірақ төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері өткізген рейдтер демалыс күндері тұрғындардың ескерту ақпаратына немқұрайлы қарап, қауiптi жерлерде шомылуды жалғастырып жатқандығын көрсетеді. Мамандар демалушыларды қауіпсіздік мақсатында тыйым салатын белгілерге назар салып, арнайы бөлінген орындарда ғана демалуға назар аударуға шақырады.

Мұндай іс-шаралар профилактикалық сипатта болады, сондықтан демалушылар бұл тыйым салу белгілерін көріп, оларға назар аударуы қажет. Құтқарушылар жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салу туралы ақыл-кеңестерді ескереді деп үміт басым. Өйткені судағы адамдардың қауіпсіздігі көбіне өздеріне байланысты. Қауіпсіздік кез келген жаста да аса маңызды. Осыны көпшілікке түсіндіруге тырысқан төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балалармен ойын түрінде әңгімелер жүргізді. Сондай-ақ балаларға өрт және шомылу қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндірді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған