АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРІН ҚОРҒАП ҚАЛАСЫЗ!

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Аудан аумағында егіс алқаптарына және Ақсу, Манкент, Қарабұлақ ауылдарындағы шөп сататын орындарға барып, «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Орман, дала алқаптарында өртті көзіңіз шалса, шұғыл түрде «101», «112» телефоны арқылы өртке қарсы қызметке немесе қала/селолық округ әкімдігіне, орман шаруашылығына хабар беріңіз.
Есіңізде болсын, Сіздің әрекетіңіз тек өрттің алдын алу бойынша табиғатты сақтауға ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен өмірін қорғап қаласыз!

Көмек келгенше өрттің өршіп кетпеуі үшін күресуге тура келсе, төмендегідей әрекет еткеніңіз жөн:

• от тұтанған орын құрғақ шөптен, жапырақтардан, бұтақтардан және басқа да жылдам тұтанатын қоқыстарынан тазартылуы керек;

• отты қараусыз қалдырмау;

• оттың сөнгеніне көз жеткізбей алысқа ұзамау;

• кішігірім өрттер пайда болса, су шашу, құммен, топырақпен жабу, дымқыл шүберекпен немесе бұтақтарымен таптау.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған