ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ АВТОБУСТА ӨТТІ

Қала әкімі М.Әйтеновтің бұл жолғы жиналысы әдеттегідей кабинетте емес, автобуста өтті. Шаһар басшысы орынбасарлары мен басқарма басшыларын жинап, автобуспен қаланы аралады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аралау «Шымкент Сити» шағынауданындағы мектеп құрылысының барысын көрумен басталды.

Одан әрі орталық ипподромдағы «Этноауыл» құрылысы жобасымен танысты.

«Karlskrona LB AC» ЖШС өкілдері Мұрат Дүйсенбекұлына атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Қала әкімі «Тассай» индустриалды аймағындағы «Asia Trafo» ЖШС жұмысын өз көзімен көрді.

Шымкент қалалық №2 көпсалалы ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қажымұқан атындағы орталық стадионның ТМД елдерінің мәдени астанасы аясында өтетін іс-шараларға дайындығын пысықтады.

Аралау соңында Мұрат Әйтенов тиісті сала басшыларына ең алдымен жұмыс сапасының жоғары болуын қатаң тапсырды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған