АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУ КЕРЕК

«Аудан аумағын абаттандыру бойынша Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан елді мекендерін аралады» деп хабарлайды Түркістан облысы, Келес ауданы әкімдігінің ресми сайты.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті бөлім басшыларымен бірге Ошақты, Бірлік, Ақтөбе, Қошқарата, Ұшқын және Алпамыс батыр ауылдық округтеріне барды. Округ аумақтарында пайдаланылмай жатқан жер қорларының басында болып, тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне елді мекен шегіне енбеген жерлерді анықтап, енгізу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді, халыққа тиімді құрылыс нысандарын жүргізуге жоспар дайындап ұсынуларын қатаң ескертті.

Сондай-ақ аудан басшысы ауылдық округтерінде орналасқан қоқыс полигондарының басына барып, стандартқа сай емес екенін, қоқыстарды межелеген жерге бармай тастап кету бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, ауылдық округтер елді мекендерін абаттандыру бойынша жұмысты жандандыру керек екенін, тиісті атқарылған жұмыстар бойынша Келес ауданы әкімдігіне есеп берулерін тапсырды.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған