9 МАМЫРҒА АРНАЛҒАН «БАТЫРЛАРҒА ТАҒЗЫМ» ОНЛАЙН-АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Биыл «Ер есімі – ел есінде» («Батырларға тағзым») жыл сайынғы акциясы онлайн форматта арнайы аттас платформада https://batyrlargatagzym.el.kz өтеді. Ол қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді.

9 мамырға жоспарланған республикалық онлайн-шеруге барлық түркістандық тұрғындар қосыла алады.

Аталған сайтта орналасқан деректер базасы – соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімін мәңгі есте сақтауға арналған электронды ресурс. База онлайн режимде толықтырылып, «Ер есімі – ел есінде» ақпараттық платформасында жинақталады.

9 МАМЫРҒА АРНАЛҒАН «БАТЫРЛАРҒА ТАҒЗЫМ» ОНЛАЙН-АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Сонымен қатар, деректер базасын толықтыруға әрбір қолданушы қатыса алады. Ол үшін оқырман майдан даласына аттанған ата-бабасы туралы деректерді batyrlargatagzym.el.kz сайтына жүктеп немесе мына электронды поштаға жолдауы қажет: elimai2012@gmail.com

Жолданған ардагерлер туралы ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсетуі керек. Сонымен қатар, фотосуреті де тіркелуі қажет.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде онлайн-акция өткізуде мұндай тәжірибе әуелден бар. 2020-2021 жылдары карантиндік шектеулер кезінде аталған акция онлайн форматта өткен болатын. Қала тұрғындары оған белсенді қатыса отырып, платформа игілігін кеңінен қолданды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған