100 МЫҢ ТЕҢГЕ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Әлі күнге дейін Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты берілетін 100 мың теңге өтемақы бойынша сауалдар толастар емес. Аталмыш жағдайға байланысты сұрақтар көрші елді мекен тұрғындарынан да келіп түсуде. Сонымен, өтемақы кімдерге беріледі?

Өтемақы ҚР Үкіметі бекіткен тізім бойынша беріледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақдала ауыл округінде – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі бойынша – 4 232 адам, Дермене ауыл округінде – 2 052 адам. Жалпы бірінші кезекте 55 602 тұрғынға 100 мыңнан 5,6 млрд. теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Өтемақы төлеуге ҚР Үкіметінің резерві есебінен 3 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге және арнайы құрылған «Түркістан» әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде.

Айта кетейік, жергілікті тұрғындардан құжаттарды қысқа мерзімде жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер жинақтауда.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған