«TÚRKІSTAN BAQ — 2022» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

  1. Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Мақсаты — талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың  кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету.

  • Байқаудың марапаттау рәсімі  2022 жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей өтеді.
  • Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 2022 жылғы 10 маусымнан бастап «Túrkіstan BAQ — 2022» шығармашылық байқауына материалдар қабылдауды бастайды. Байқауға өңірдегі БАҚ саласындағы кез келген ұжым, журналист қатыса  алады.

Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері Түркістан облысының дамуына қатысты позитивті материалдарын 2022 жылдың 20 маусым, сағат 19.00-ге дейін тапсыра алады.

2. Байқау тізбеге сәйкес келесі номинациялардан тұрады:

 1. «АЛТЫН МИКРОФОН» (Телеарнадағы үздік талдау-сараптама материалдары үшін)

2. «АЛТЫН ҚАЛАМ» (Мерзімді басылымдағы үздік талдау-сараптама үшін)

3. «TҮРКІСТАН-ТЕМІРҚАЗЫҚ» (телеарнадағы ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған үздік сюжет)

4.  «ОБЪЕКТИВ» (Фотографтардың өңір туралы үздік жұмыстары үшін)

5. «СТОПКАДР» (телеоператорлардың өңір туралы үздік жұмыстары үшін)

6. «КӨЗҚАРАС»  үздік журналистік зерттеу мақаласы

7. «ТҰРАН САЙЫПҚЫРАНЫ» (Республикалық БАҚ тілшілерінің үздік жұмыстары үшін)

8. «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» (ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің                       30 жылдығына орай, Түркістан облысының дамуы тақырыбындағы үздік мақала);

9. «ТАҢҒАЖАЙЫП ТҮРКІСТАН» (Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толуына орай үздік бейнеролик);

10. «ТУҒАН ЖЕР ЖАНАШЫРЫ» (Өз энтузиазмымен өңір туралы блогплатформалар мен тұғырнамаларда, әлеуметтік желілерде позитивті жаңалық жариялаушы желі белсенділері мен фрилансерлер);

11. «ҮЗДІК АЙМАҚТЫҚ БАСЫЛЫМ» (Облыстың аудан, қалаларындағы аймақтық баспа БАҚ-тардың еңбегі үшін);

12. «TURKISTAN ONLINE» — үздік сайтты марапаттау.

13. «АЙНА»  (Үздік корректорларға арналған сыйлық)

14. «АЛТЫН КӨПІР» үздік баспасөз хатшысы

  • ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    •  Жеңімпаздардымарапаттау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен сабақтастырылады.
    •  Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
    •  Байқау комиссиясы үміткерлерді іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады: материалдардың байқау талаптарына сәйкестігі, материалдың объективтілігі, кәсіби шеберлігі, журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.
  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
    •  Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы: Байқауға Түркістан облысына қатысты әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, сараптамалық, ақпараттық материалдар қабылданады.
    •  Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын  талаптар:
      • Баспасөз материалдары Microsoft Word және PDF форматында жарияланымымен қоса өткізіледі (сканерленген көшірмеде атауы мен баспасөз                      БАҚ-тың шығыс деректері болуы керек). Бейнероликтер ұзақтығы 1 минуттан кем емес; Сюжеттер ұзақтығы 2,5 минуттан кем емес; Деректі фильмдер ұзақтығы 20 минуттан кем емес болуы тиіс;
      • Үміткерлерді өзі қызмет ететін мекемесі ұсынады. Байқауға 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап, 2022 жылғы 20 маусым аралығында жарияланған материалдар жолдауы тиіс. Жарияланған материалдың гиперсілтемесі (тікелей сілтемеcі) құжатпен ұсынылуы тиіс; Бір журналист үш (3) материал ұсына алады.
      • Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, ұйымдастырушының baikau2022@inbox.ru электронды поштасына жұмыстарды жолдау қажет (ТО Қоғамдық даму басқармасы, Ақпараттық ресурстар және БАҚ мониторингі бөлімі). Сондай-ақ тиісті құжаттарды Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталығы, Басқармалар үйі ғимараты, 2 қабат, 232 кабинетке жеткізуге болады.
      • Байқауға ұсынылатын жұмыстардың түпнұсқасын әкелу құпталады; Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушымен беруге болады. Бейнематериалдар 1920х1080 full HD кем емес рұқсатымен,                     хронометраж – 1 (бір) минуттан кем емес (бейнесюжеттер үшін) және                         20 (жиырма) минуттан (деректі фильмдерге немесе телебағдарламалар үшін) кем емес болуы тиіс;
      • Өтінім мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өткізілуі керек. Байқау тақырыбына, қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген жұмыстар  байқауға жіберілмейді. Байқау жұмыстарының мәлімделген тақырыпқа сәйкестілігін Байқау комиссиясы анықтайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
  • БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ
    •  Комиссия осы байқау туралы ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде байқауға қатысушыны қабылдамауға, байқау комиссиясы байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.
    •  Комиссия байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға, байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз  етуге, байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге міндетті.
    •  Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2022 жылдың                              1 шілдесінен кешіктірілмей өткізіледі.
    • Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталығы, Басқармалар үйі ғимараты,                     2 қабат, 232 кабинет.

Байланыс телефоны:

8 775 080 31 87  Балғын Ерболқызы

8 778 954 5196 Ернар Берікұлы,

электронды пошта: baikau2022@inbox.ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған