МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІНДЕ – ҚАСЫМХАН БЕГМАНОВ

Бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Мәртебелі поэзия мінбері» атты поэзия апталық бағдарламасы аясында ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Басқарма мүшесі Қасымхан Бегмановтың шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Поэзия кешінің шымылдығын Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Шарафиева Ғалия Аликенқызы бастап, ізгі тілегін жеткізді.

Кеште Қасымхан Бегмановтың сөзіне жазылған әндер шырқалып, Ұлы Абайдың өлеңдері оқылып, нағыз поэзиялық кешке ұласты . Ақынды қолдап-қуаттап келген ақын-жазушылар, өлең сүйер қауым жырдан сусындап қайтты.

Кеш кейіпкері Қасымхан Бегманов мәртебелі мінбеген көтеріліп, толқыныспен қуанышын жеткізді. Әлі сиясы кеппеген, жүректен шыққан өлеңін оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған