«QAZTRADE» АҚ ТАРАПЫНАН ЭКСПОРТТАУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР БЕРІЛДІ

2023 жылғы 16 ақпанда Түркістан облысында өңір экспорттаушыларының, әкімдіктің, «QazTrade» АҚ, «KazakhExport» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы хабарлады.

Өңірлік экспорттық кеңес шеңберінде Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ тарапынан экспорттаушыларды қолдау құралдары туралы түсініктемелер берілді, сондай-ақ өңір экспорттаушыларын қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.

Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 12 айында 1 511,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 18,3% жоғары. Экспорт көлемі 21% ұлғайып, 932,5 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт құрылымында негізгі үлесті ет және ет өнімдері, ұн, балық филесі, трансформаторлар және басқа да тауарлар алады.

Өңірдің көптеген экспорттаушылары «QazTrade» АҚ белсенді ынтымақтасады және қолдау шараларын пайдаланады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 11 кәсіпкерлік субъектісінен 16 өтінім мақұлданды. Өтеудің жалпы сомасы 313,5 млн теңгені құрады.

Анықтама: «Asiadistillery» ЖШС, «Асыл-Ltd» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Ордабасы – Нан» ЖШС, «АУЕС» өндірістік кооперативі, «INSAF LTD» ЖШС, «Юг Азия Экспорт» ЖШС, «Golden Camel Group LTD» ЖШС, «CG Foods Central Asia» ЖШС, «Береке» ЖШС, «Астық сауда» ЖШС, «Жалғасбаев Талғат Серікбайұлы» ЖК, «Вита-фреш КЗ» ЖШС, «SERKUN» БӨК, «Статус-Эверест» ЖШС.

Сондай-ақ, «QazTrade» АҚ бизнесті экспорттық қызметке дайындықтың толық циклін қамтитын қаржылық емес қолдау шаралары туралы хабардар етті (Экспорттық акселерация бағдарламасы, Alibaba.com платформасына шығу, Сауда-экономикалық миссиялар, Халықаралық көрмелер, QazTrade Academy).

Өңірлік экспорттық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бизнес өкілдері экспортты мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін қолдану жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне қызығушылық білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған